Бүгін Жәнібек ауданындағы карантиндік талаптардың орындалу барысын бақылап жүрген мониторингтік топ аудандық ауруханаға барды. Топ құрамы аурухана басшысының орынбасары Ербол Сәрсенғалиевпен тілдесіп, медициналық орталықтың ахуалымен танысты.
- Ауруханадағы екі дәрігерімізден короновирустық инфекцияның симптомды түрін жұқтырғаны анықталды. Дәрігерлермен қарым-қатынас жасаған адамдардан ПТР-тест алынып, барлығы карантинге жатқызылды. Екеуі де инфекция бөлімінде бақылауда. Емхана түгел залалсыздандырылды. Бүгінде вирус жұқтырған үш науқас ем алуда. Мүмкіндігімізше сақтық шараларын күшейтудеміз, - дейді Ербол Сағынғалиұлы.
Жәнібек ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Қуатованың қаулысы негізінде аудандық емхана қызметкерлерінің арасында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) тіркелуіне байланысты сақтық шаралары күшейтіледі.
Мониторингтік топ аурухана бөлімдерін қарап шықты.
Ә.Садық,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz