Орал қаласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күніне арналған аудандық, қалалық және облыстық әкімдіктер қызметкерлері арасында облыстық спартакиаданың екінші кезеңі өтті.
Спартикиадаға облыс, қала және 12 ауданның мемлекеттік қызметшілері қатысты. Жәнібек ауданының мемлекеттік қызметшілері жыл бойына спорттың 14 түрінен қатысып, жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырынан көрініп, облыс бойынша ІІ орын иеленді. І орынды Бөрлі ауданы қанжығаға байласа, ІІІ орынды Казталов ауданы иеленді.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы