29.08.2024, 18:45
Оқылды: 114

Жәнібектік оқушылар жазғы демалысты қалай өткізді?

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралды. Ол – аудан көлемінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есеп.

7175C937-E52D-4BDB-99FD-AD8C2C6F8659

Есепті аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Айжан Испенбетова слайд арқылы баяндады.

– Аудан оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында ауданымызда 15 мектеп жанында бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылған мектеп жанындағы лагерьлер ұйымдастырылып, 1 110 оқушы қамтылды. 12 мектеп жанында тамақтанусыз оқушылардың қызығушылықтарына қарай бағдарлы лагерьлерде 630 оқушы, көшпелі (жылжымалы) лагерьлерде 242 оқушы демалды. Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы 160 оқушыны қамтитын көшпелі (жылжымалы) туристтік лагерь ұйымдастырды.

9CF0B1B6-1BB1-4C6B-A199-C8E6A467641E

Ауыл сыртындағы аудандық «Балдәурен» лагерінде 6 ауысымда 180 оқушы жазғы демалыспен қамтылды. «Балдәурен» РОСО-ның 2024 жылға арналған жоспар кестесіне сай, 2024 жылдың 1-21 маусым күндері аралығында «Балдәурен-Қонаев» (Қонаев қаласы) республикалық оқу сауықтыру орталығында 12 оқушы демалып келсе, 20 маусым – 4 шілде аралығында «Балдәурен-Түркістан» (Шымкент қаласы) республикалық оқу сауықтыру орталығында 20 оқушы демалып келді.

Сонымен қатар 24 маусым – 15 шілде аралығында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығына өткен «Құс жолы» кезеңіне 10-11 жастағы әлеуметтік мәртебесі бар 10 оқушы жолданып демалып келді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры атынан 5-8 сынып аралығындағы 45 оқушы облыстық «Атамекен», «Самал» туристік лагерьлерінде демалды. Сондай-ақ мектеп оқушылары Бөкей ордасы ауданындағы музейді аралап, саяхаттады, - деді Айжан Қаметқызы.

Комиссия отырысын Жақсылық Каримоллаұлы қорытындылады.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале