Жәнібек ауданындағы Ақоба ауылдық округіндегі 24 шаруа қожалығы өткен жылы «Агробизнес - 2020» бағдарламасы аясында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қатысып, 42 млн. 202 мың 600 теңге көлемінде демеу қаржыға қол жеткізген.
Үш шаруа қожалығы бір «МТЗ - 80», КУН, шөп шабатын және шөпті тайлап буатын ауыл шаруашылығы техникаларын алып, техника базасын жаңартқан. Үш шаруа қожалығы ұңғымалау әдісімен қыстақтарынан құдық қаздырса, төрт шаруа қожалығы күн батареясын орнатып, 9 млн. 776 мың теңге инвестициялық салымдары субсидияланған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша ауылдағы аз қамтылған екі отбасы 200 АЕК мөлшерінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін мемлекеттік грантқа ие болып, мал басын көбейтуде.
О.Ғалиев,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz