31.05.2025, 10:00
Оқылды: 147

Жәнібектік шаруалар судан шөбін егуді бастап кетті

Ауа райының өзгеруі, жаз бен қыста температураның шектен тыс ауытқуы – ауыл шаруашылығы дақылдарының өніп өсуіне кері әсерін тигізуде. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік, батыс аймақтарында ауа температурасының нормадан тыс жоғары болуы дақылдардың өнімділігінің төмендеуіне әкеп соғып жатқаны жасырын емес. Елімізде құрғақшылыққа төзімді, жоғары өнімді дақылдарды өндіріске тезірек енгізу – мәселені шешудің ең тиімді жолы.

image-30-05-25-07-16
Мал азығы үшін өсірілген судан шөбін жаз бойы 2-3 рет орып, малды азықтандыруға, дәндерінің сүт болып пісу мезгілінде сүрлем дайындауға, қысқы шөп ретінде және дәнге пайдалануға болады. Мұны жақсы білетін жәнібектіктер, соның ішінде Күйгенкөл ауылдық округіндегі шаруалар судан шөбін егуді бастап кетті.
Күйгенкөл ауылдық округіндегі «Агрокомплекс Арсен» ЖШС 600 гектар алқапқа және «КРС Агро» ЖШС 240 гектар жерге судан шөбін, 10 гектар суармалы егістікке бау-бақша дақылдарын егіп, көктемгі далалық жұмыстарын аяқтады. Сонымен қатар «КРС Агро» ЖШС 10 гектар жерге картоп дақылдарын егуге кірісті.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале