15.12.2023, 22:30
Оқылды: 45

Жәнібектік спортшылар аударыспақтан бес алтын жүлде иеленді

Орал қаласы әкімдігі, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен аударыспақтан 2007-2009 жылы және 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық қалалық турнир өтіп, ұлттық спорт ұлықталған болатын. Аталған турнирге Ақжайық, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау ауданындары һәм ҰСМ, Вителкин ауылы, сонымен қатар "Орал" спорт клубынан жүзге жуық тақымдары тастай аударыспақшылар қатысты. Бес бірдей алтын олжалаған Жәнібек ауданы құрамасы командалық есепте көш бастады.

FB_IMG_1702656135137 (1)

Тиісінше 28, 35, 38, 42, 46, 48, 54 келі салмақ дәрежелерінде жүлделі 1, 2, 3 орындарға Жанәлі Мұратұлы, Айдын Мерәлиев, Нұртас Қайрат, Арлан Ақмұқан, Рамазан Бақтығали, Ерасыл Болат, Мират Кенжебекұлы, Думан Қайрат, Ақниет Бақтығали, Дияс Рысалы, Талғат Есім, Нұртас Біләл, Дәурен Өрболатұлы ие болды.

Осындай он төрт салмақ дәрежесінде жүлдегер атанған әр қатысушыға облыстық ұлттық спорт федерациясының президенті Ерболат Байбатыров ақшалай сыйлық берді. Онымен қоса "Орал" спорт клубынан арнайы диплом, медаль мен сыйлықтар табысталды. Жаттықтырушы Бекарыс Бейбітұлы мен Бейбіт Ароновтың еңбегін де атап өткен жөн!

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале