Таяуда Астана қаласында спорттық самбодан жасөспірімдер арасында республикалық «SAMBO LIGA» турнирі өтті.
Аталған турнирге Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің самбошылары қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді.
38 келі салмақ дәрежесінде Нұралы Биболат ІІ орын алса, Нұржас Ескендір ІІІ орынға ие болды. Спортшылар самбо күресінен спорт шеберіне үміткер атағын орындады. Жас спортшыларды Е. Темірғалиев пен Н.Абуов жаттықтырды.
Гүлзара Тілекқабылқызы,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz