9.12.2024, 12:45
Оқылды: 192

Жәнібектік жас спортшылар «SAMBO LIGA» турнирінен олжалы оралды

Жуырда Астана қаласында спорттық самбодан жеткіншектер, ұлдар мен қыздар арасында республикалық «SAMBO LIGA» турнирі өткен болатын.
image-09-12-24-09-19
Жәнібектің жас спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, аудан атын асқақтатты. Нақтырақ айтсақ, 32 келі салмақ дәрежесінде Ерсұлтан Тілекқабыл алтынды қанжығаға байласа, аталған салмақта Жомарт Ғұмаров қола жүлдеге ие болды. 38 келі салмақта Бек Нұрболат үшінші орыннан көрінді.
Жас спортшыларды Ерғазы Темірғалиев жаттықтырып келеді.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале