10.02.2025, 18:00
Оқылды: 307

Жәнібектік студенттерге заң және тәртіп аясында түсіндірме шарасы өтті

М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде аудандық полиция бөлімінің басшысы Мейрамхан Бапахов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Миранбек Ибатов, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының міндетін уақытша атқарушы Меңдіхан Халихановтың қатысуымен «Заң және тәртіп» тақырыбында еркін форматта кездесу өтті. 

image-10-02-25-05-34-2

Шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, занның қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын түсіндіру, сонымен қатар ер балаларды жауапкершілікке, тәртіпке және әділдікке баулу. Және де жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтардың, топтық төбелестердің, буллинг және кибербуллингтің, алаяқтық қылмыстардың алдын алу жайлы сөз қозғалды.

image-10-02-25-05-34-1

-Заңға бағынбай тәртіпті сақтамаған жасөспірімнің әр әрекеті, ең алдымен, ата-анасының көпшілік алдында абыройын төгеді, ұятқа қалдырады, өз ортасының да балаға деген көзқарасы өзгереді, отбасына үлкен материалдық шығын әкеледі. Онымен тоқтамай құқықбұзушылық әрекеттерін жалғастыра берсе, сот арқылы жазаға тартылады, осылайша өз өміріне өзі балта шабады, - деді аудандық полиция бөлімінің басшысы Мейрамхан Темірханұлы.

image-10-02-25-05-34

Кездесуде студенттер жаза мен айыппұл туралы мәлімет алды. Қасақана, абайсызда жасалған қылмыстың өтеуі болатынынан хабардар болды. Айталық, топтық қылмыс. Бір-біріне айдап салу, балалар көре тұра достарының жасаған қылмысын жасырып қалу, дер кезінде хабарламау, затын, ақшасын тартып алу, қорқытып, бопсалау туралы мәліметтер алды.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

 Бану Берікқали,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале