30.04.2021, 17:06
Оқылды: 79

Жәнібектік түлектер мектепке тарту жасады

«Менің аулам – менің бағым» акциясы аясында Жәнібек ауылының 1998 жылғы түлектері бірігіп, өздері түлеп ұшқан Т.Жароков атындағы орта мектепке ерекше тарту жасады. Олар мектеп ауласына 50 түп сүмбіл терегінің көшетін отырғызды.

 IMG-20210426-WA0103

- Сыныптастарымызбен ақылдасып, естелік болсын деп ағаш егуді жоспарлаған едік. Орал қаласындағы бағбандармен кеңесіп, сүмбіл терегін таңдадық. Басты мақсат – ауылымыздың көркеюіне өз үлесімізді қосу. Мектептің алдында қаз-қатар тізіліп, бойын көкке созып сүмбіл теректер тұрса тамаша болар еді?! Өйткені олар тез өседі және теректердің ішіндегі ең әдемі түрі. Әзірше 50 түп отырғыздық, жалпы саны 100 сүмбіл терегін егуді көздейміз. Ағаш түптерін Орал қаласынан арнайы алдырттық, - дейді 1998 жылдың түлегі Тұрманбек Бекқалиев.

Туған жерді көркейтіп-көгалдандыруға ат­салысқан түлектердің бұл ісі көпке үлгі.

 

Ә.Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале