15.03.2025, 17:30
Оқылды: 23

Жәнібектік жас спортшылар қалалық турнирде жақсы нәтиже көрсетті

Таяуда Орал қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай ұлттық спорт түрлері, соның ішінде дәстүрлі садақ ату және аударыспақтан 2008-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық қалалық турнир өтті.

image-15-03-25-05-29
Жәнібек ауданының ат құлағында ойнайтын жас спортшылары аталған жарысқа қатысып, керемет нәтиже көрсетті. Дәлірек айтсақ, 42 келі салмақта Нұртас Қайрат 3-орын алса, Айқын Мералиев 2-орыннан көрінді. 48 келі салмақ дәрежесінде Мират Кенжебекұлы 3-орын, Рамазан Бақтығали 2-орын алды.
59 келіде Думан Қайрат пен Нұртас Біләлға 3-орын бұйырса, Дәурен Өрболатұлы 2-орыннан көрінді. Ал 71 келі салмақ дәрежесінде Дияс Рысалы 3, Қазекен Қабылқайыр 2-орынға табан тіреді.
image-15-03-25-05-29-1
Жас спортшыларды Бейбіт Аронов, Бекарыс Бейбітұлы, Дулат Рахатов пен Арман Малаев жаттықтырып, осындай нәтижеге бірге жетті.
Бапкерлер жарысқа барып келуге қолдау білдірген ауданымыздың ұлттық спорт жанашырларына рахмет айтады.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале