Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов аудан жастарымен кездесті.
Нақтырақ айтсақ, ауылдық округтердің кеңесші мамандардың басын қосып, жұмыс жоспарды талқылап, оларға бағыт-бағдар берді. Коворкинг орталығындағы өткен бейресми кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Миранбек Ибатов пен бас маманы Еділ Елемесов, аудандық мансап орталығының директоры Тимур Хамзин, аудандық «Шұғыла» газетінің директор-редакторы Гүлзара Төреғалиева мен кеңесші мамандар қатысты.
Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Меңдіхан Халиханов мамандарды таныстырып, слайд арқылы орталықтың атқаратын жұмысы мен алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралармен бөлісті.
Өз кезегінде Жаннұр Бекбауұлы орталықтың жұмысына тоқталды. Яғни бірінші тоқсан қорытындысының индикаторы бойынша Жәнібек ауданы жастарының жұмысы он екі ауданның ішінде соңғы орында тұрғанын айтып, налыды. Ауданда 3012 жас бар, жұмыс ауқымы кең екенін атап өткен әкім орынбасары өз тарапынан жастарға кеңес беріп, жұмыстануға шақырды. Сонымен қатар ол түрлі бағытта мысалдар келтіріп, жұмыс бағытын айқындады.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы