4.02.2021, 18:00
Оқылды: 45

Жәнібектік жеке кәсіпкерлер 5 млн. теңге мемлекеттік грантқа ие болды

 Бұл туралы бүгін тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев айтты.

16083A48-5E98-44C0-8BFD-424B0C1E302B

-Жәнібек ауданында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2020 жылы аудан орталығындағы «ЖанибекТрансСервис» ЖШС-нің «Құрылыс-монтаждау қызметтерін кеңейту» жобасы 10 млн. 400 мың тенгеге несиеленді.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға Жәнібек ауылында «Қадам» ЖК-гі «Жәнібек ауылында интенсивті алма бағын құру» жобасы 5 млн. теңге, «SS Expert» ЖК-гі «Top Car Sharing» жобасы 5 млн. теңге, «Aslan»» ЖК-гі «Құрама жем өндірісі» жобасы 5 млн. теңге, «Султан» ЖК-гі «Жәнібек ауданында жарнамалық алаң» жобасы 5 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды, - деді аудан басшысы.

 Г. Есенғали,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале