23.08.2026, 10:45
Оқылды: 20

Жәнібектік Боранбаевтар әулеті азаматтық ұстанымдарын білдірді

Жәнібек жұртшылығына өнегелі ісімен, өнерімен және қоғамдық белсенділігімен кеңінен танымал Боранбаевтар әулеті ел өміріндегі маңызды саяси науқанда да тыс қалмай, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді.

image-23-08-26-10-26

Бір шаңырақтан түлеп ұшқан ұрпағының әрқайсысы әртүрлі салада адал еңбек етіп, ел игілігіне қызмет етіп келе жатқан бұл әулет – ынтымақ пен қайырымдылықты өмірлік қағидасына айналдырған өнегелі шаңырақ. Өңірде отбасылық құндылықтарды насихаттауға зор үлес қосып жүрген Боранбаевтар биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде жоғары бағаланып, ел сүйіспеншілігіне бөленді.

image-23-08-26-10-25

Береке-бірлігі жарасқан, өнері мен еңбегін қатар өріп келе жатқан әулеттің үлкендері Сафуан Ғалымжанұлы мен Айжан Оразғалиқызы сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Ел ертеңіне бейжай қарамайтын аға буын өкілдері бұл жолы да кейінгі ұрпаққа патриотизм мен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале