29.07.2020, 12:50
Оқылды: 31

Жәнібектіктер індетті жеңу жолында қолдау-көмектерін аямауда

Қазіргі таңда елімізде дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарының жетіспеушілігі - басты мәселелердің бірі. Сол себептен қауіпті індетпен күресіп, тезірек ауыздықтауға жәнібектік мектеп түлектері, кәсіпкерлер жан-жақтан көмектесуде.

89780579-A5A7-4DC1-8DAE-0E7C817D9E06

Жәнібек ауданында да жанашыр жандар көптеп табылуда. Аудан орталығындағы №1 орта мектебінің 1978 жылғы түлектері аудандық аурухананың басшылығымен ақылдасып, 290 мың теңгеге дәрі-дәрмек, 2 дана термопот, 3 дана дене қызуын өлшейтін құрылғы және 100 мың теңгеге ауырып жатқан адамдарға керек-жарақтарын сатып әперді.

897B224E-0442-46B7-8E01-43693309E12B

- Қауіпті індетпен күресу үшін аудандық орталық ауруханасында жүйелі жұмыстар атқарылуда.  Санитарлық талаптар күшейтіліп, коронавирус инфекциясын ауыздықтауға туған жерден түлеп ұшқан азаматтар көмектесуде. Осындай қиын уақытта мұқтаж адамдарға моральдық және материалдық көмек көрсетіп жүрген барлық азаматтарға алғыс айтамыз, - деді аурухана директоры Сәуле Исмағұлова.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале