20.09.2024, 12:45
Оқылды: 154

Жәнібектіктер республикалық туристік фестивальде үздік атанды

Халықаралық туризм күніне арналған білім қызметкерлері арасында «Европа–Азия 2024»республикалық туристік фестивалінде Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы І орын алды.

8BE73193-E993-4F5C-842E-C46931C43197

Аталымдар бойынша Лунара Сабырғалиева «Түнгі бағдарлау» қашықтығында ІІІ орын, Жанайым Мұхтарова ІІ орын иеленді.

BE2E83E3-6ACD-432E-9C87-56C501E6BD5B

«Жорыққа шығуды кішкентайымнан жақсы көремін» бейнеролик жарысы бойынша Ерлан Неғметов І орын, «Жеке» қашықтық бойынша Лунара Сабырғалиева І орын, Ерлан Неғметов ІІ орын, «Байлам» қашықтығы бойынша Е.Неғметов пен Л.Сабырғалиева ІІ орын, Ж.Мұхтарова мен Н.Тұяқов ІІІ орын, Ж.Жайлыбай мен И.Нұрсұлтан ІІ орын, «Бард әндері» мен «Үздік әдіскер» байқауларында Меңдігүл Қуанәлиева ІІ орынға ие болды.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале