Тәуелсіздік күні қарсаңында «AMANAT» партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды. Malim.kz сайты «Төрлет, еңбек адамы» тақырыбындағы дәстүрлі дода биыл еңбек адамын ұлықтауға арналды деп хабарлайды.

Екі күнге жоспарланған жыр додасын жыл қорытындысы десе болады. Жыл бойына өткізілген республикалық және халықаралық айтыстарда үздік өнер көрсетіп, жүлделі орын еншілеген 14 ақынның кім мықтысы осы додада анықталмақшы.
Жерлесіміз, айтыскер Жансая Мусина Астанада өтіп жатқан «Алтын домбыра» айтысында жоғары дережелі деңгейде айтысып, финалға өтпей-ақ, яғни, бірінші айналымда-ақ айтысқа арнайы тігілген жеңіл автокөлікті ұтып алды және «Айтыстың ақтаңгері – 2024» атағына ие болды.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы