Киелі Түркістан қаласында ұлттық домбыра күніне орай өткізілген Республикалық “Күй құдіреті” күйшілер байқауында үздік өнер көрсеткені үшін жерлесіміз Назымбек Сатпанов жүлделі бірінші орынмен марапатталды.

Назымбек - Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ ауылының тумасы және Шыңғырлау аудандық балалар саз мектебінің түлегі. Қазіргі таңда Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің домбырашысы болып қызмет атқарады.

Аудан жастары атынан алдағы уақытта шығармашылық жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!
Нұрғали Төлегенов,
Шыңғырлау ауданы