23.08.2026, 14:35
Оқылды: 16

Саяси науқандағы толқыныс пен алғыс

Жәнібектік Санира Шайбалиева үшін бүгінгі күн айрықша толқыныс пен қуанышқа толы болды. Ер жетіп, кәмелетке толған жас сайлаушы өзінің конституциялық құқығын алғаш рет пайдаланып, саяси науқанда өз дауысын берді.

image-23-08-26-02-38

Маңызды саяси шараға алғаш рет қатысқан ол дауыс беру процесінің өту барысын үлкен қызығушылықпен бақылағанын айтады:

«Бұл мен үшін жай ғана саяси шара емес, азамат ретінде өзімді сезінген ерекше сәт болды. Дауыс беру процесінің қалай ұйымдастырылатыны, бюллетеньді толтыру мен жәшікке салу тәртібі өте қызықты өтті. Әсіресе, сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелерінің әрбір қадамды асықпай, түсінікті етіп түсіндіріп көрсеткені, жылы қабылдағаны көңіліме қонды. Оларға шексіз алғысымды білдіремін!» – дейді Санира.

Жастардың саяси науқандарға белсене қатысып, ел болашағы үшін таңдау жасауы – қоғамның өркениеттілігі мен жаңа буынның жоғары азаматтық белсенділігінің айқын көрінісі. Алғаш рет таңдау жасап, еліміздің ертеңіне өз үлесін қосқан Санираға сәттілік пен жаңа белестер тілейміз!

 Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале