16.05.2022, 18:00
Оқылды: 95

Жәрмеңкеде балапан сатты

Бүгін Теректі ауданының Подстепное ауылы шетіндегі алаң азан-қазан жәрмеңке болды.

кус сату 1

Теректі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі Подстепное ауылдық округі әкімдігімен бірлесіп үй құстарын сату ұйымдастырды.

кус сату

Соңғы жылдары құс шаруашылығынан пайда түсіруге болатынына көзі жеткен теректіліктер балапан алуға ынталы. Осы жолы да жәрмеңке басына жиналған халық қарасы мол болды.

Жергілікті «Науша», «Наталья» мен Орал қаласынан келген «Дана», «Файзуллина»  жеке кәсіпкерліктері саттыққа тауық, үйрек, қаз балапандарын шығарды. Мысалы, үйректің бір күндік балапаны 550 теңге, тап сондай мулар балапаны 1400 теңгеден, бала  қаз  1900 теңгеден сатылды. Жалпы, балапан неғұрлым ұлкен болса, құны да соған қарай өсіп отырады. Екі апталық бала қаз 2200 теңге, үш апталығы 2300 теңгеден екен.

Осы жерде тауық балапанының үш түрі болды. Екі апталық доминант тұқымды балапандар 800 теңгеден, бір айлық қызыл  радонит шөжелер де сол бағамен сатылды. Үш айлық ломан браун, доминант  шібилер бағасы – 2800 теңге. Құс бағуға қажет керек-жарақтар  - су беретін ыдыстар, құрама жем де осы жерден табылды.

кус сату 2

Жәрмеңке басында болған Теректі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Азат Әубәкіровтің мәліметіне сүйенсек, жәрмеңкеге шығарылған мың бастан аса үй құсының 700 сатылған.

Жәрмеңкеге келіп, құс сатып алған теректіліктер арнайы құс өсіруші қожалықтар өкілдерімен танысып, байланыс телефондарын алмасып жатты. Тұрғындар осындай жәрмеңке тағы да ұйымдастырылса теген тілек-ұсынысын да айтып жатыр.

Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале