19.04.2023, 15:00
Оқылды: 16

Жәрмеңкеге келіп, жұмыс тапты

Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту орталығында «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті. 

Жәрмеңкеде аудан орталығының тоғыз мекемесі келушілерге тұрақты жұмыс орнын ұсынды.  

вакансия

Аудан әкімі аппараты, аудандық аурухана мен білім беру бөлімі, «Ақ жол» ЖШС, аудандық электр торабы мекемесі, «Психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеті», «Орда» шекара заставасы, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі және аудандық демалыс орталығы вакансия жариялаған мекемелер қатарынан.

Аталмыш мекемелер жиырма бес бос жұмыс орнын ұсынды.

- Сұраныстың басым көпшілігі кіші және қатардағы қызметкерлерге болды. Жәрмеңке қорытындысы бойынша тек он екі жерлесіміз жұмыс орындарына жолдама алды. Аталмыш шараны дәстүрлі түрде өткізу жоспарымыз бар, − деді аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Медет Әнесов.

Темхар Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале