6.04.2022, 17:50
Оқылды: 31

Жәрмеңкеліктердің кіндік шешесіне құрмет

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының депутаты, мәслихат хатшысы, «AMANAT» партиясының мүшесі Лариса Қайырғалиева партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Сайқын ауылының тұрғыны Бақытжамал апа Хамзинаға арнайы барып, мерейлі 80 жасымен құттықтады.

Бакытжамал

Ол отыз жылдан астам уақыт Сайқын ауылдық округі Жәрмеңке ауылының медициналық пунктінде фельдшерлік қызметін мінсіз атқарған жан. Науқасқа шипалы қолымен ем-дом жасап, талай жанға кіндік ана атанған Бақытжамал апа барша ауылдастарының алғысына, ризашылығына бөленуде. Ол бұл күнде бейнетінің зейнетін көрген ардақты ардагер, балаларын аяқтандырып, немере-шөберелерінің жақсылығын көріп отырған сүйікті ана, мейірімді әже. Осылайша бір өзі бір ауылға шипагер атанған апаны мәслихат хатшысы мерейлі жасымен құттықтай барды.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале