22.01.2021, 12:25
Оқылды: 14

Жарықтандыру мақсатында 57 прожектор орнатылды

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев Күйгенкөл ауылында есептік кездесу өткізді. Оған аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов және аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешов қатысты.

IMG_2331

Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі Әлия Оспанова бір жыл бойына атқарған жұмыстар хақында баяндады. 2020 жылы Күйгенкөл ауылдық округінде көшелерді жарықтандыру мақсатында 57 прожектор орнатылып, ауылдық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар ауылдың үш тұрғыны «Бастау Бизнес» курстарын оқып, 8 млн. теңге көлемінде несие алып, ірі қара мен қой малын сатып алып, кәсіптерін ашты.

Ауыл әкімінің баяндамасынан кейін аудан басшысы Азамат Сафималиұлы аудан бойынша атқарылған жұмыстарды айтып, биылғы жылдың жоспарларын атап өтті.

IMG_2325

Аудан әкімі Азамат Сафималиев жол, ауыз су мәселесі бойынша түсінік берді.

Жарыссөзге жазылған ауыл тұрғыны Алмагүл Сыдықова медпункттің салқындығын тілге тиек етіп, ауыл, аудан әкімдерінің атқарған жұмыстарына оң бағасын берді.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале