15.04.2023, 9:27
Оқылды: 24

Жас чемпиондарға құрмет көрсетілді

Кеше Переметныйда аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мұрат Байменов ауданымыздың 2023 жылғы ҚР жас чемпиондарын қабылдады.

IMG-20230414-WA0101

Кездесуге ҚР жасөсіпірімдер құрама командасының мүшелері, шаңғы жарысынан жеңімпаз атанған жерлестеріміз Еділбек Елубаев пен Дамир Қабекесов және стритболдың үздіктері Мария Кузнецова мен Алина Дюсембеева қатысты.

IMG-20230414-WA0075

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар, ақпан және наурыз айларында Қазақстанның әр облыстарында шаңғымен жүгіруден чемпионат өткен болатын. Бәйтеректік спортшылар Еділбек Елубаев пен Дамир Қабекесов түрлі шақырымдар бойынша бақ сынап, жүлделі орындарды иеленіп, медаль таққан еді. Сондай-ақ осы жарыста өзінің мықтылығын дәлелдеген Еділбекке ҚР спорт шебері атағы берілді . Ал, жеңімпаз жас Мария Түркістан қаласында баскетболдан өткен көктемгі чемпионатта «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталған болатын.

IMG-20230414-WA0092

IMG-20230414-WA0080

IMG-20230414-WA0101

-Біз сіздермен мақтанамыз. Осылай биік белестерден көріне беріңіздер. Оқуларыңды жақсы оқып, дайындықтан қалмаңдар. Біздің Бәйтерек ауданының атағын әлемге танытатын сіздерсіздер. Әрдайым сәттілік серіктеріңіз болғай, - деп аудан басшысы спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына алғыс хат пен сыйлықтар табыстады.

 

Нұрсәуле Әбілпейсова

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале