Жуырда Бөрлі ауданында Жасталап Санауовты еске алуға арналған «Қарашығанақ кубогі» үшін каратэден Халықаралық турнир өтті. Жарыста 8 облыстан 214 үміткер тартысқа түсті.
Додада Жәнібек ауданының намысын қорғаған Жәнібек аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды. Кішкентай жерлестеріміз Жанерке Құрамшина (6-7 жас) ІІІ орын, Аршат Сырым (8-9 жас) ІІІ орын иеленді.
«Жастарға саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан шараның спортқа қызығатын балаларға берері мол», – дейді аудандық спорт мектебінің каратэ үйірмесінің жаттықтырушысы Іңкәр Бақтыбаева.
Қ.Ғалиева,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz