27.09.2023, 22:59
Оқылды: 32

"Жас келін – 2023" байқауының жеңімпазы құрметке бөленді

Бүгін Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев БҚО Халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен "Жас келін – 2023" аймақтық келіндер байқауында топ жарып, бас жүлде иеленген Тау ауылының келіні Бағдагүл Қарабасованы қабылдады.

FB_IMG_1695825501565

Сонымен қатар аудан абыройын асқақтатқан жеңімпазды қабылдауға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова, Тау ауылының әкімі Кенжебек Еркеғұлов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Нұрболат Садырбаев, аудандық мәдениет үйінің директоры Лариса Абдуғалиева, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың директоры Мөлдір Әбдірешева қатысты. Олар өз кезегінде Бағдагүл Сергейқызына лебізін білдіріп, естелік сыйлықтарды тарту етті.

Көрсетілген құрметке алғысын жаудырған ол:

- Бұл байқау маған көп мүмкіндіктерді ашты. Дариға Мұштанова бастаған әділққазылардан оң баға алдым. "Мәрия ханым" салонының жетекшісі Жұлдыз Қазиқызы камзол жауып, шынайы тілегін айтты. Осының барлығы мен үшін серпіліс. Қазақтың ұмыт болған салт-дәстүрлерін жаңғыртып, келінге тән қасиеттер салтанат құрған доданың әсерінен шыға алмай жүрмін. Алдағы уақытта аудандағы келіндердің басын қосып, түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға бастамашы болғым келеді,- деді.

FB_IMG_1695825495754

Осы орайда басшылар өз ұсыныстарын жеткізіп, бастамаға қолдау білдіретіндерін айтты.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале