Мемлекеттік қызметтің айналасы толған шектеулер. Мынаны болмайды, ананы болмайды деген секілді тыйым салулар аз емес. Ол қызметте сіз бен біз білетін азаматтар жүргендіктен оның қаншалықты қиын екенін көріп-біліп жүрміз. Сондықтан жан-жақтан бақылауда жүретін бұл қызметті екінің бірі дөңгелете алмасы анық. Алайда осы жолда жемісті де жеңісті еңбек етіп жатырған жандар баршылық. Және мемлекеттік қызметкерлер қатары жыл санап, аз-аздан болса да артып келеді. Ол үшін арнайы заңнамалар қабылданып, мемлекеттік қызметке жастарды тарту жағы қарастырылуда.
- Мемлекеттік қызметшіге қойылатын ең басты талап – мемлекет пен халық мүддесінің алдында тікелей жауаптылық. Өз кезегінде мемлекеттік қызметшілерге артылатын міндет те, сенім де өте жоғары. Олар мемлекеттің бет-бейнесі. Өз қызметін атқару барысында заңдылық, патриотизм, ашықтық, нәтижелілік, тиімділік, әдептілік қағидаттарын берік ұстануы керек. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметті өткеру кезінде жалпыға бірдей моральдық-әдептік нормаларды сақтап, қарапайым түрде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзінде асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс. Мемлекеттік қызметке кіру оңай болған күннің өзінде де мемлекеттік қызметті атқару өте қиын. Сондықтан да мемлекеттік қызметті абыроймен өткеру, мемлекеттік қызметші болу үлкен мәртебе,-дейді Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ерік Төлепқалиев.
Мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдету мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жоғары оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орташа 3,33 GPA мәнімен аяқтаған үздік түлектердің аудан мен ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстан өтпей уәкілетті органның келісімі негізінде тағайындала алады. Бұл кешенді шаралардың барлығы білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыру, өңірлердегі кадр тапшылығын шешу үшін қабылданған норма. Осы заңнаманың негізінде Бөрлі ауданына төрт жас маман келіп, мемлекеттік қызметкерлер қатары көбейіп жатыр. Атап өтер болсақ мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің түлегі Нуретов Нұрхан Бөрлі ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы лауазымына, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің түлегі Айтуғанов Санжар Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы лауазымына, Алматы технологиялық университетінің түлегі Жолбатырова Альбина Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің түлегі Құмарғали Ернұр Бөрлі ауданының үй инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымдарына конкурссыз тағайындалды.
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында жас мамандарға бір-екі ауыз сұрағымызды жолдап, пікірлерін тыңдап көрдік. Жігері жалындаған, жаны алау жастардың пайымды пікірін сіз де біле жүріңіз.
Санжар Айтуғанов:
3.Бас маман болудың өзіндік қиындықтары және ауыртпашылықтары. Мен алғаш келген кезден бастап ұжымдағы мамандар маған барлық нәрсені үйретіп, менің міндеттеріммен толық таныстырды. Қазіргі кезде мен бас маман кызметімен танысып, үйреніп жатырмын.
Ернұр Құмарғали:
1.Әр адамның өмірінде мамандық таңдауы үлкен орын алады. Менде қолыма көптен күткен дипломды алғасын көп ойландым. Магистратураға түсіп білімімді тереңдетемін бе немесе өндіріске барамынба деген ойлар мазалайтын. Осы оймен отбасыммен бөліскенімде Атам "Балам кім болсаң да елге пайдалы адам бол",-деді. Бұл жасанды оқиға болып көрінгенмен, болған оқиға. Атамның өзі жастайынан еңбекке араласып мемлекеттік қызметте көп жылдар істеген жан. Жаңақала ауданының құрметті азаматы. Сол кездегі атамның сөзі менің бағытыма айналып, маған үлкен ой тастады. Сөйтіп алғаш еңбек жолымды "Орал қаласы құрылыс бөлімі" ММ-де бастадым. Ол жерде практикада өтіп жүріп мемлекеттік қызметке ынтам арта түсті. Қазіргі уақытта түлектерді конкурссыз тағайындау бағдарламасымен Бөрлі ауданы тұрғын үй инпекция бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалып, елге қызмет етудемін. Негізі ата-анам менің дәрігер болғанымды қалаған еді. Бірақ менің таңдауым мемлекеттік қызметке түсті. Мемлекеттік қызметші дәрігер болмаса да,адамдардың қоғамдық-әлеуметтік сұрақтарын шешуге көмектеседі ғой. Сондықтан ата-анамның қалауын толықтай болмаса да, жартылай орындадым деп ойлаймын.
Еліміз аман, туымыз тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Альбина Жолбатырова:
1.Мен ЖОО-да мемлекеттік грант шеңберінде білім алған, бағасы яғни GPA 3,33-тен төмен емес түлектер, оқуды тәмамдаған соң 1 жыл ішінде конкурссыз аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауамыздарға орналаса алады деген ақпаратты оқу бітірген жылы күзде естідім. Орал қаласындағы маслихат бөліміне барып құжаттарымды өткіздім. Бір апта уақыт өткесін Бөрлі ауданы әкімі аппаратының кадр бөлімі хабарласқан болатын. Бос мемлекттік лауазымдарды көрсетіп бағыт бағдар берді. Қызметтегі алғашқы баспалдағы осылай басталған жас маман болдым. Мамыр айның 27сі күні Пугачев ауылдық округінің Бас мамамны лауазымына тағайындалдым.
Осы салалардың барлығында да бақылау функцияларын іске асыратын мемлекеттік құрылымдар бар. Ал олардың негізі қызметінің түрі – мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызмет басқару формасына сәйкестене отырып кәсіпкерлікпен, өндірушілікпен айналыспайды. Оған мемлекеттің функциялары мен міндеттірін тікелей атқару жүктелген.
Нуретов Нұрхан:
3.Бас маман болудың өзіндік қиындықтары және ауыртпашылықтары бар. Мен Бөрлі ауданына бас маман болып кіргенен бастап маған қасымдағы ұжымдастарым көмек берді бас маман міндеттеріммен толық таныстырды. Қазіргі кезде жұмысымды бар ынтаммен жасап жатырмын.
Мейрамбек Сыдықов,
Бөрлі ауданы