20.11.2022, 9:49
Оқылды: 61

Жас отбасы таңдау жасады

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында отбасы мүшелерімен бірге дауыс беріп жатырған жандар да бар. 2017 жылы отау құрған казталовтық Еламан Сағатұлы мен Альбина Қобланқызы кішкентай бүлдіршіндері Темірхан Еламанұлымен бірге №220 сайлау учаскесіне барып таңдау жасады. Жас отбасының отау құрғанына ағымдағы жылы 5 жыл толып отыр.

IMG-20221120-WA0073

- Біз өміріміздегі мерейлі жылдың саяси науқанмен тұстас келгеніне өте қуаныштымыз. Мемлекетіміздің болашағы біз үшін өте маңызды.  Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болып, болашағымыз жарқын болғай!, - деді Альбина Қобланқызы.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале