4.06.2021, 10:29
Оқылды: 109

Жас палуандар бақ сынады

Жаңақалада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған 2007-2009, 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен аудандық жарыс өтті. Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен өткен күрес додасына 8 команда қатысты.

57B0C0C7-F48B-4F48-A0E2-6830081DFF4D

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жайсаң Есекенов құттықтау сөз сөйлеп, жас палуандарға сәттілік тіледі. 2010-2012 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы бәсеке тартысқа толы болды. 23 келі салмақ дәрежесінде Ұлан Қахарманұлы (С.Меңдешев а/о) І орын, Бақберген Сырым (БЖСМ) ІІ орын, Нұрсерік Түсіпқали (Көпжасар а/о) мен Ерсұлтан Бисенбай (Жуалыой елді мекені) ІІІ орын алды. 26 келі салмақ дәрежесінде Ислам Жәнібек (С.Меңдешев а/о) І орын, Нұрасыл Жұмагелді (Қарасу а/о) ІІ орын алса, Едіге Жүсіп (Жаңажол а/о) пен Ақболат Амангелдіұлы (С.Меңдешев а/о) ІІІ орынға тұрақтады. 29 келі салмақтан Вячеслав Ким (С.Меңдешев а/о) І орын, Шыңғыс Сапарғали ІІ орын иеленді. Нұралы Ишан (БЖСМ) мен Ақтілек Жалғасұлы (Қарасу а/о) үздік үштікті түйіндеді. 32 келі салмақ дәрежесінде Досхан Меңдібекұлы (БЖСМ) жеңімпаз атанса, Ақтілек Бақыт (Жуалыой елдімекені) ІІ орынға жайғасты. Қайсен Бекқали (Көпжасар а/о) мен Самғат Ғинаят (Жаңажол а/о) ІІІ орынды олжалады. 35 келі салмақ дәрежесінде Нұрмұқасан Салауат (Жуалыой елдімекені) жеңімпаз болса, Жансерік Нұрлыбай (Жаңажол а/о) ІІ орын, Ерген Ғинаят (Қызылоба а/о) ІІІ орынды еншіледі. 38 келі салмақ дәрежесінде Аңсат Мұханбетқали (С.Меңдешев а/о) І орын, Дулат Амангелді (БЖСМ) ІІ орын, Әсет Махамбет (С.Меңдешев а/о) ІІІ орынды иеленді. 42 келі салмақ дәрежесінде Ерасыл Қайырбек (БЖСМ) жеңімпаз болса, Әділғали Есенгелді (Жуалыой елдімекені) ІІ орынды қанжығасына байлады.Көпжасарлық Айбек Шәнім ІІІ орынға табан тіреді. +42 келі салмақ дәрежесінде Темірлан Серікұлы (БЖСМ) І орынға, Бақдәулет Өтеу (Жаңажол а/о) ІІ орынға ие болды. Ал көпжасарлық Нұрбек Шәнім ІІІ орынды місе тұтты.

2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бәсеке де қызыққа толы өтті. Қазақша күрестің қыр-сырына қаныққан жас палуандар жарыстың көрігін қыздырды.

32 келі салмақ дәрежесінде Абухан Өтеген (Мәстексай а/о) жеңіс тұғырынан көрінсе, Дамир Кенжеғалиұлы (БЖСМ) күміспен күптелді. Мейірбек Ержан (С.Меңдешев а/о) пен Мадияр Жұмағали (Жуалыой елдімекені) қола жүлдені қанағат тұтты. 35 келі салмақ дәрежесінде Нұрберген Талапұлы (БЖСМ) І орынды жеңіп алса, Жеңісхан Қайрат (С.Меңдешев а/о) ІІ орын алды. Ералы Ишан (БЖСМ) мен Әбдірахман Шарипов (БЖСМ) ІІІ орынды місе тұтты. 38 келі салмақ дәрежесінде Ділмұрат Меңдібекұлы (БЖСМ) І орын, Мәди Жұмагелді (БЖСМ) ІІ орын, Бақтияр Жасқайрат (Қарасу а/о) пен Мақсат Мұратқали (С.Меңдешев а/о) ІІІ орынды өзара бөлісті. 42 салмақ дәрежесінде Мирас Қуанышқалиев (БЖСМ) І орын, Ерасыл Ишанов (БЖСМ) ІІ орын алса, Әли Уса (С.Меңдешев а/о) мен Дінмұхамбет Көшербай (БЖСМ) ІІІ орын алды. 46 келі салмақ дәрежесінде Мирас Тасқайыров қарсылас шақ келтірмей жеңістің ең биік тұғырынан көрінді. Еркін күреспен шұғылданатын қызылобалық өреннің шеберлігіне көрермендер де тәнті болды. Фархат Мұхит (Жуалыой елдімекені) ІІ орынға жайғасса, Ералы Қайырбек (БЖСМ) пен Нұрдәулет Халел (БЖСМ) ІІІ орынды қанағат тұтты. 50 келі салмақ дәрежесінде Асылбек Елубаев (Жаңажол а/о) жеңімпаз атанды. Дамир Жүсіп (Жаңажол а/о) ІІ орын алса, Нұрислам Шамғонұлы (БЖСМ) мен Әлихан Амангелді (БЖСМ) ІІІ орынға ие болды. 55 келі салмақ дәрежесінде Рахат Бибулатов (БЖСМ) І орын, Алдияр Қабдықайыров (Мәстексай а/о) ІІ орын, Айдынбек Еркінбекұлы (Жаңажол а/о) мен Жәңгір Елубай (Жаңажол а/о) ІІІ орын алды. +55 келі салмақта Рамазан Рысқали (БЖСМ) жеңімпаз болса, Армат Сүндетов (Жаңажол а/о) күміс жүлдеге ие болды. Ал Ілияс Сәбит (Жаңажол а/о) пен Нұрғиса Ерболат (Мәстексай а/о) қола жүлдені мойындарына тақты. Командалық есепте аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі І орын, С.Меңдешев ауылдық округі ІІ орын, ал Жаңажол ауылдық округінің командасы ІІІ орынға ие болды.

- Жарыстың деңгейі өте жоғары болды. Жыл бойына қауіпті дертке байланысты жарыс болмағасын жасөспірімдер арасында сайыс өткізуді жөн көрдік. Жарысты өткізу үшін қаражат керектігі белгілі. Қаржылай демеушілік жасаған жеке кәсіпкерлер Серік Ибрашев, Сапар Төлеуғалиев, Едіге Текебаев, Жұмагерей Базекешов сынды азаматтарға өзімнің және ұжымымның атынан алғыс білдіремін. Кәсіптеріне береке тілеймін. Балаларға қуаныш сыйлаған жанашыр жандар жасай берсін!-деді аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жайсаң Ахметұлы.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале