3.01.2022, 19:30
Оқылды: 60

Жас палуандар жетістігі

Жуырда Жаңақала ауданында Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Сырым аудандық спорт мектебінің құрылғанына 50 жыл толуына орай қазақ күресінен 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық облыстық турнир өтті.

Жас палуандар жетістігі

Бұл дүбірлі додаға аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі бөлімінің жаттықтырушысы Замир Серікұлы баптайтын қазақ күресінің палуандары да қатысып жүлдегерлер қатарынан көрінді. Облыстық ашық турнирге Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстары және Орал қаласы сондай-ақ 6 ауданнан спортшылар бақ сынап, бас-аяғы 300-ге жуық палуан өнер көрсетті.

Болашағынан үлкен үміт күттіретін палуан Самат Самиғуллин 46 кг салмақта күміс жүлдеге ие болса, С.Мендешев ауылдық округінің қазақ күресінен жаттықтырушысы Әділет Қалиарыстанұлы баптайтын Мұратқали Мақсат 42 кг күміспен күптелді. Жаңақаланың намысын абыройлы қорғап жүрген жас спортшыларымыздан әлі де үлкен үміт пен жарқын жетістіктер күтеміз.

Жарас Садық,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале