18.01.2022, 9:45
Оқылды: 104

Жас палуандар жетістігі

Орал қаласында қазақ күресінен 2008-2010 жылы туған және 2012-2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облысы чемпионаты өтті.

DB9009B5-1DEF-4559-A2EE-309882DF4EA2

Тартысқа толы турнирде 8 командадан 120-ға тарта палуан бақ сынасты. Жарысқа Жаңақала ауданынан Замир Батыров пен Әділет Қалиарыстанов баптайтын жас палуандар жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтсақ, 38 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ділмұрат Меңдібекұлы жеңімпаз атанып, Жеңісхан Қайрат күміспен күптелді. Ералы Ишан қола жүлдені қанағат тұтты. 42 келі салмақта Мақсат Мұратқали І орынмен алға шықса, Аңсат Мұқамбетқали ІІІ орынды иеленді. Ерболат Жұбаныш 32 келі салмақ дәрежесінде қарсыласына дес бермей қола жүлдені қолға түсірді. Вичеслав Ким 29 келі салмақта ІІІ орынға ие болды.

- Шәкірттерімнің бұл жетістігі тыңғылықты дайындықтың нәтижесі деп білемін. Олардың биіктен көрінуі біз үшін бір ғанибет. Алдағы уақытта да чемпиондар қатарынан көрініп, аудан жұртшылығының үмітін ақтаймыз деген сенімдемін, - деді З.Батыров.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале