2.02.2022, 15:40
Оқылды: 21

Жас шаңғышылар жарысы

Бәйтерек ауданы орталығында балалар жылы мен Бейжің қаласындағы ХХIV қысқы олимпиада ойындарында ел намысын қорғап жатқан спортшыларды қолдау мақсатында балалар мен жасөспірімдер арасында шаңғы жарысынан аудан чемпионаты өтті. 

IMG_8540

Бұқаралық спортты дамытып жас жеткіншектерді шаңғы спортына баулу мақсатында өткен жарысты жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бірлесе ұйымдастырды. Жас спортшыларға қолдауға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Ахметжанова, «Бәйтерек» спорт клубының басшысы Максим Үмбетқалиев, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директры Медет Оңдағанов, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губаешева, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Алтынбек Елеусін қолдау білдірді.

IMG_8525

-Шаңғы спорты соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Салауатты өмір салтын ұстанатын, спортқа жаны жақын жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Қытай астанасында өтіп жатқан олимпиадада өнер көрсететін спортшылар секілді аудан шаңғышылары да болашақта еліміздің көк туын көкте желбіретеді деген үміттеміз,-деді жарыстың ашылу салтанатында сөз алған «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Ахметжанова.

IMG_8543

IMG_8544

IMG_8552

IMG_8546

2011-2013 және 2009-2010 жылдары туған ұлдар мен қыздар жарысы қызыққа толы болды. Қорытындысында 2011-2013 жылғы қыздар арасында Аяулым Абельдиева үшінші, Дамира Майданбек екінші орын иеленсе, Айлана Қанатқызы жарыс жеңімпазы атынды. Осы жастағы ұлдар арасында Вадим Катков қола, Данияр Шавалиев күміс, Жолман Тілепбергенов алтын алқа иеленді. Ал 2009-2010 жылғы ұлдар сынында Наил Сатыбаев, Ернұр Серікқали, Нұрбатыр Жәміл үштігі жүлделі орындарды бөлісті. Осы жастағы қыздар бәсекесінде үшінші орынға Ульяна Понамарева, екінші орынға Злата Иманова ие болса, Снежанна Буштер өзі қатарлы қыздар сынында жеңімпаз атанды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале