Бүгін Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы Пятин Александр Ильивичтың құрметіне арналған және Рамзан Камзаевтың жүлдесі үшін бокстан жасөспірімдер арасында қалааралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев сайыскерлерді турнирдің ашылуымен құттықтап, салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлестері үшін алғысын білдірсе, білікті бапкер Александр Ильивич жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Ақтөбе, Атырау, Орал қалаларынан және облысымыздың аудандарынан келген 70-ке жуық жасөспірім шаршы алаңда бақтарын сынады.
Александр Ильич 1981 жылдан бүгінгі Шилі балалар - жасөспірімдер спорт мектебіне келіп осы күнге дейін Шыңғырлау ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан жаттықтырушысы қызметін атқарып келеді.
Спорт саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, жасалған үлестері үшін Александр Ильич алғыс хаттар мен мадақтамалар, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудан әкімі атынан құрмет грамоталарымен марапатталған. Жұмыс барысында оқушылары бес мәрте КСРО спорт шебері, бес мәрте спорт шеберіне үміткер, үш мәрте ҚР спорт шебері, жеті мәрте ҚР спорт шеберіне кандидат шығарған.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz