17-19 маусым күндері Қаратөбе ауданында қол күресінен 2004-2008 жылы туған ұлдар және қыздар арасында БҚО чемпионаты өтті. Аталмыш додаға 100-ден аса спортшы қатысты.
Жарыс нәтижесінде 2004-2006 жылғылар арасында:
45 кг салмақ дәрежесінде Жауқазын Шыңғысқызы II орынды иеленсе, 55 кг салмақ дәрежесінде Гүласыл Болатова I орынды бағындырып, ҚР спорт шеберлігіне үміткер атағын орындады. 60 кг салмақ дәрежесінде Тахмина Шакрикова I орынды қанжығасына байлап, ҚР спорт шеберлігіне үміткер атағын орындады.
- Шәкірттерім ауданның, Көпжасар ауылының намысын қорғап, мәртебемізді көтерді. Сенімімді ақтады. Жеңіс тұғырынан көрініп, спорт шеберлігіне үміткер атанды. Кеше ғана шәкірттерімді Aqjaiyq телеарнасы Спорт time бағдарламасынан көрсетті. Жарыстарға баруымызға қолдау көрсетіп жүрген Көпжасар ауылдық округінің әкімі Нұрбол Серікұлына ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ осы чемпионатта Бірлік ауылының спортшылары Болатбек Лесқалиұлының шәкірттері де жеңіс тұғырынан көрінді. 2007-2008 жылғылар арасында 36 кг салмақта Ералы Сапаров ІІІ орын, 2004-2006 жылғылар арасында 50 кг салмақ дәрежесінде Ақниет Маратов I орынға ие болып, ҚР спорт шеберлігіне үміткер атанды. 60 кг салмақта Қолқанат Боранбаев I орын алып, ҚР спорт шеберлігіне үміткер атағын орындады. 70 кг салмақта Арнат Серіков III орынды иеленді. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Шәкірттерімнің жеңіске жетуі төгілген тер мен нағыз еңбектің арқасы. Ауылдан қол күресі үйірмесін ашып, чемпиондар шығаруға жұмыстанып жатырмыз. Алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге жететінімізге сенемін. Қол күресі спорты дами берсін! – дейді Көпжасар ауылдық жастар жетекшісі Жалғас Нығметов.
Арайлым Айденова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz