3.08.2023, 17:26
Оқылды: 99

Жас туристер экспедицияға барды

Жас туристер станциясының жұмыс жоспарына сәйкес, Шыңғырлау ауданының жеті кереметі туралы өлкетанулық мәліметтер алу, жекелеген аумақтарын қоныстандыру ерекшеліктеріне байланысты аңыздарды зерттеу, эколого-геологиялық зерттеулер жүргізу мақсатында «Орал өңірінің тамаша табиғаты» атты экспедициясы ұйымдастырылды.

жас турист

Экспедицияға Жас туристер станциясының үйірме мүшелері, қосымша білім беру педагогтары және облыстық педагогикалық қызметкерлерінің ардагерлер кеңесінің мүшесі қатысты.

Экспедиция барысында оқушылар Шыңғырлау ауданының тарихы, топонимикасы, табиғаты, экология, геология, өсімдіктер дүниесі туралы мәліметтер алып білімдерін толықтырды.

 Экспедицияның алғашқы күні аудандық тарихи-өлкетану музейіне экскурсиядан басталып, әрі қарай Шыңғырлау ауданының жеті кереметін тамашалаумен жалғасын тапты.

Экспедиция құрамы Аққұм, Қонақай көлі, Торыатбас тауы, Қыземшек тауы, Сарқырамаға барып, керемет әсер алды. Оқушылар тарихи аңыздармен танысып, құмға аунап, суға шомылып, тамаша көңіл күймен үйлеріне оралды.

Қайсар Исламбек,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале