Бүгін Төлегеновтар отбасы үшін – ерекше күн. Олар жаңа шаңырақ көтеріп, отбасылық өмірге қадам басты. Жас жұбайлар Айбат пен Ерке неке қию рәсімінен кейін сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауларын жасады.

Олар үшін бұл сәт отбасылық өмірдегі жаңа белестің басталуымен қатар, ел өміріндегі маңызды тарихи оқиғамен тұспа-тұс келді.
– Бұл күн біздің жадымызда ерекше сақталады. Бір-бірімізге өмірлік серік болып, жаңа шаңырақтың негізін қалап жатқан сәтте ел үшін маңызды саяси науқанға да қатысып отырмыз. Өміріміздің жаңа кезеңін осындай тарихи күнмен бастағанымыздың өзі тамаша емес пе?! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, әр шаңырақта береке мен қуаныш болсын, – дейді Айбат пен Ерке.
Жас жұбайлар осылайша отбасылық өмірлерінің алғашқы қадамын ел өміріндегі маңызды оқиғамен сабақтастырып, сайлау учаскесінен қол ұстасып бірге шықты.
Әлия Шарапиева
Ақжайық ауданы