3.08.2023, 17:15
Оқылды: 16

Жастар кадрлық резервіне іріктеу кезеңі өтті

Казталов ауданында «Аудандық жастар кадрлық резервіне» жастарды іріктеу кезеңі өтті.

20230802051357_IMG_4487

Тың жобаға 15 жас өтінім беріп, құжаттар тапсырған. Дегенмен іріктеу кезеңіне сегіз жас қатысты.

Үміткерлер ұйымдастырушылар әзірлеген мемлекеттік қызметке қатысты тест сұрақтарына және ситуациялық сұрақтарға жауап берді.

20230802125812_IMG_4645

Сонымен қатар арнайы бекітілген комиссия алдында жобаларын қорғап, комиссия мүшелерімен сұхбаттасты. Шараның қорытындысы 8 тамыз күні жарияланып, мемлекеттік қызмет саласындағы аудандық жастар кадрлық резервінің мүшелері анықталады.

Айта кетейік, жастар кадрлық резервінің іріктеу кезеңінен өткен азаматтар мен азаматшалар бос лауазымды орындарға тағайындалу мүмкіндігі бар. Жобаны ұйымдастырған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале