16.11.2021, 14:30
Оқылды: 59

Жастар-саяси лагеріне бәйтеректік жастар да қатысты

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Jas Otan» Жастар қанаты БҚО филиалының ұйымдастыруымен Еуразия туристік кешенінде «Жастар – Отанға!» жастар-саяси лагері өтті.

IMG-20211116-WA0006

Дәстүрге айналған шара елдегі эпидемиологиялык ахуалға байланысты өткен жылы тоқтап қалғанымен биыл жоспарға сай өткізілді. Лагерь қатысушылары «Ashyq» қосымшасы арқылы кіргізіліп, іс-шаралар барысында карантин талаптары қатаң сақталған болатын.

Облыс жастарының білімдерін шыңдап, өзара достықтарын нығайтуды көздеген игі бастамаға Орал қаласынан және аудандардан келген 100-ден астам саланың өкілдері қатысты.

Бәйтерек ауданының жастары да аталмыш шарадан шет қалмады. Аудан атынан аталмыш легерьге Жанар Губашева, Ұлданай Сейітқалиева, Темірлан Батырбаев, Сакен Тойлыбаев және Назерке Силыбаевалар барды.

Үш күнге созылған қызықты лагерьде қатысушыларға арналған оқыту семинарлары, бизнес-тренингтер, спорттық және мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, облыс намысын республика көлемінде қорғап жүрген жайдарманшылар мен сахна көркін қыздырған әншілер өнерлерін паш етті. Сонымен бірге қатысушылар айтыскер ақын, танымал блогерлер және бизнес мамандарымен жүздесіп, олардан сабақ алды.

IMG-20211116-WA0005

Лагерьге арнайы келген қонақтар өмір жолдарына тоқталып, жетістікке жету үшін не істеу керегін, еңбектің берер пайдасын сөз ете отырып, қатысушы тараптан қойылған сан сауалға нақты жауап берді.

Саяси лагерь қатысушыларына «Ақжайық» кітабы тарту етілді. Сонымен қатар белсенді жастар түрлі аталымдар бойынша сертификаттармен марапатталды.

-Үш күнге созылған шара жоғары деңгейде өтті. Лагерьде тұру және тамақтану шығындары қарсы алушы жақтан өтелді. Түрлі жұлдыздар, танымал тұлғалармен кездесулер болды. Бұл «Жастар – Отанға!» жастар лагерінде білігіміз бен білімімізді арттыра отыра отырып, жан-жақтан келген жастармен таныстық. Топ болып жұмыстандық. Қатысушылардың көздерінен жалын мен қызығушылықты көру біз үшін қуаныш. Алдағы уақытта лагерьге барған қатысушыларды аудан жастарымен жүздестіріп, жиын өткізбекпіз. Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын бұл шараның жастар үшін пайдасы зор, - дейді аудандық жастармен жұмыс ресурстық орталық басшысы Жанар Губашева.

 Назерке Сыйлыбаева

 Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале