15.08.2022, 11:45
Оқылды: 65

“Жастар – жарқын болашақ” Бұланда

12-тамыз халықаралық жастар күніне орай Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың және “Сырым жастары” ЖҚБ-ның “Жастар-жарқын болашақ” атты жастар лагері ұйымдастырылды.

1

Жастардың басын біріктіріп, олардың арасындағы достыққа дәнекер болған лагерге ауданның белсенді жастары, жас мамандар, студенттер қатысты. Жас туристтер станциясы мамандарының өткізуімен оздырылған туриадалық ойындарда “арқанды өткел” “велошеру” сынақтары бойынша әр командадан 4 адам сынға түсті.

4

Әрі қарай лагеріміз тимбилдинг ойындарымен жалғасын тапты. Сиқырлы су”, “Мәреге жет”, “Snake” кезеңдерінен тұратын сайыста командалар жан-жақты сыналып, өздерінің ұйымшылдықтарын көрсетті.

6

Іс-шара “Сырымдағы сұхбат” жобасы аясында Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұловпен еркін форматтағы кездесумен жалғасын тапты. Ашық сұхбат алаңында өнегеге толы өмір жолы мен еңбек жолындағы түрлі оқиғаларымен бөлісіп, түрлі бағыттар бойынша қызмет етіп жүрген жастардың ойын тыңдап, ашық пікірлесті. Сұхбат барысында бірнеше мәселе көтеріліп, аудан әкімі орынбасарының назарына алынды.

Соның ішінде, жастар арасынан әр қала, өңірдегі студенттерді туған жерге жұмысқа тарту, әкімшілік тарапынан болашақ жас мамандармен кездесулер өткізу секілді ұсыныстар айтылды.

5

Одан бөлек, футбол, қазақ күресі секілді спорт түрлеріне қолдау көрсетіп, демеушілік жасау мәселелері де көтеріліп, аудан әкімдігі тарапынан оң шешімі табылмақ.

Кеш соңында командалар танымал бағдарламаларға пародия жасап, эстрада әншілерінің кейіпіне еніп, өнерлерін ортаға салды.

Мерекелік концерт соңы би кешімен жалғасып, мамандардың ұйымдастыруымен жастарға ойындар өткізілді.

9

Екі күнге созылған лагердің қорытындысы бойынша тимбилдинг ойындарында І орын “Интрига” командасы, ІІ орын “Drive” командасы, ІІІ орынға “Жас time” командасы ие болды.

Туриадалық сайыстар бойынша І орын “Drive” командасы, ІІ орынға “Жас time” командасы ие болса, “Интрига” командасы ІІІ орынға табан тіреді.

Пародиялық сайыста ІІІ орын “Интрига” командасы, ІІ орын “Жас time” командасы ие болса, өздерінің сахналық образдарымен, актерлік шеберліктерімен көзге түскен “Drive” командасы I орынды иеленді.

10

Лагерьде белсенділік танытқаны үшін Рамазан Қонысов, Талғат Қуанғали “Үздік ойыншы” атанса, Әли Мусин “Үздік топ басшысы” аталымымен марапатталды.

Ауданның әр салада қызмет етіп жүрген жастары мен студенттері бас қосқан лагерь жоғары деңгейде өтті.

Айман Утиғалиева,

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталықтың кеңесші маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале