9 мамыр күні Қаратөбе ауданы орталығындағы Даңқ мемориалы басында Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мерекесі аталып өтті.
Мәңгілік алау басында аудан әкімдігі мамандары мен тыл ардагерлері және мекеме басшылары сап түзеп, туған жеріне оралмаған жерлес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сөз сөйлеп, тыл ардагерлерін, салтанатты жиынға қатысушы қаратөбеліктерді Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мерекесімен құттықтады.
– Жерлес жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Қазір арамызда соғыс ардагерлері болмаса да, олардың ұрпақтары бар. Жеңісті жақындатуда тыл ардагерлерінің жанқиярлық еңбегі ерекше зор болды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс тарихта мәңгі қалды.
Соғыс ардагерлерінің ерліктері мен ерен еңбектері келешек ұрпаққа өнеге. Айырықша маңызға ие айтулы мереке Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын, - деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.
Салтанатты шараға тылда елеулі еңбек еткен тыл ардагерлері Орынғали Ермекқалиев, Сайлау Фазылов ағаларымыз, интернациналист жауынгерлер Ерболат Иманғалиев пен Батырбек Жұмағалиев қатысты.
Салтанатты шараға қатысушылар Мәңгілік алау басында естелік суретке түсті.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz