Биыл Жәнібек ауданына қарасты Ұзынкөл ауылында жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізіліп, конкурс қорытындысы бойынша «Жайық Сити»
ЖШС-ы жеңіп алды.
Аталмыш жұмыстарды атқаруға аудандық бюджеттен 46 млн теңге қаржы бөлінді. Жоба бойынша тротуардың ұзындығы 1588 метр, ені 1,5 метрді құрайды. Ауылдың негізгі әлеуметтік объектілері мен тұрғындардың шоғырланған орталық көшелерде, тұрғындарға жайылылық жағдай жасау мақсатында жұмыстар жасалып жатыр.
Жол құрылыс жұмыстары шілде айында аяқталады. Бүгін жұмыс барысын аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов қарап, мердігерге жұмыстарды сапалы әрі уақытында тапсыру қажеттілігі туралы айтты.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz