8.11.2018, 14:17
Оқылды: 35

Жазасын өтеушілермен жұмыс күшейеді

sud12–23 қарашада «Подучетник» республикалық профилактикалық іс-шарасы өтеді. Осыған орай Ақжайық аудандық №2 пробация қызметі мен Тайпақ полиция бөлімі сотталғандар арасында қайталап қылмыс жасау және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде жүздесіп, әңгімелер өткізуді бастады.


Бұл пробация қызметінде есепте тұрғандар – 21 адам. Оның 14-і бас бостандығын шектеу, бесеуі белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылданбау құқығынан айыру жазасын, екеуі шартты түрде жазасын өтеушілер болып табылады.

Айталық, жоғарыда айтылған іс-шара кезінде ҚР ҚК-нің 72- бабы, 3-бөлігі бойынша, егер сотталушы жазаның өткен кезеңдерінде өзін жақсы қырынан көрсетсе, тиісті сабақ алса, сөйтіп, сот оған тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет етілмейді деп танитын болса, шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі бар екені түсіндірілуде.

–Сондай-ақ ҚР ҚК-нің 64-бабы 1-бөліміне сай, егер шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау мерзімі өткенге дейін мінез-құлқымен өзінің түзелгенін дәлелдесе, пробациялық бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынуы бойынша сот оған шартты түрде соттаудың күшін жою туралы және сотталғандықты алып тастау туралы қаулы шығара алады. Осындай тақырыптағы әңгімелер есепте тұрғандармен жүйелі түрде жүргізілуде, - дейді №2 Ақжайық аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Әліби Кеңес.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале