15.03.2024, 16:59
Оқылды: 20

«Жаздық жолдама – 2024»: балаларға лагерьге жолдама берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқев қолдаған наурыз мейрамын тойлаудың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 15 наурыз «Қайырымдылық» күні болып белгіленді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қазақстанның барлық өңірінде «Жаздық жолдама - 2024» – қайырымдылық жобасын бастап отыр.

39619289-9194-4808-8189-4f14d6575bfa

Бұл қайырымдылық жобасы оқуда үздік көрсеткіштерге ие (үлгерімі және пәндік олимпиадаларға, пікірталастарға қатысуы) және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған. «Жаздық жолдама» жобасы жазғы демалыс кезінде 5-8- сыныптардың 20 мың оқушысын зияткерлік және шығармашылық дамумен қамтамасыз етеді.

Қордың Қамқоршылық кеңесі бекіткен бюджет 2,1 миллиард теңге. Осыған орай Жаңақла ауданындағы 70 балаға жолдама беріліп отыр.

eadfb56a-c75a-4758-a027-4eb5d80f59a8

Атап айтсақ, №3 мектептің 12 оқушысына аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы, Жаңақала мектеп-гимназиясының 9 шәкіртіне білім беру бөлімінің басшысы Данял Танзенов және Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің 13 білім алушысына ауыл әкімі Ақан Қапанов мектеп басшыларына арнайы сертификаттарды табыс етті.

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале