20.05.2024, 15:00
Оқылды: 69

Жазғы спорт алаңының тозығы жеткен

 

Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округінде жиын өтті. Аталған ауылдың әкімі Алмат Қаратаев тұрғындар алдында есеп берді. Оның баяндауынша, биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты су тасқынынан зардап шеккен Қаратөбе ауданы Аққозы ауылына ауыл тұрғындары болып,  гуманитарлық көмек ретінде 65 қой, 4 ірі қара мал және 500000 мың теңге қаражат жинап, табыстап келді.

37eddf77-4eb4-445b-aa29-16d3e3d56ce0

Сонымен қатар «Тұқымдық түрлендіру және одан алынатын өнімнің сапасын арттыру» бағдарламасымен барлығы 750 бас аналық малға асыл тұқымды аталық бұқаларымен «Ар Нұр агро 2024» АШӨК толықтай қамтып отыр. Округте барлығы 54 шаруа қожалығы болса, соның 34-ті бағдарламаға қатысып отыр. Жаңадан ашылған «Азат» шаруа қожалығы 57 бас герефорд тұқымды қашарды, 2 бас асыл тұқымды аталық бұқасымен сатып алып, «Асыл тұқымды» мәртебесін алуға жұмыстанып жатыр. «Байсал» ШҚ 120 гектар жерге суданк шөбін егіп, суару жұмысына дайындалуда. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жыл басынан 14 адам жеңілдетілген несие алу үшін ниет білдіріп, қазіргі уақытта 6 адамға несие алуға оң шешімін берілді. Яғни қоғамдық монша, жүн түтетін цех, дөнгелек жөндейтін орын, жылыжай және екі адам сүтті бағыттағы малға қол жеткізуге мүмкіндік алып отыр. Аудан әкімі Тимур Шиниязов аудан бойынша атқарылып жатқан жұмысты атап өтіп, сөз кезегін тұрғындарға берді.

b4b84616-9a44-4127-ae16-66e2cb63a4d9

Ауыл тұрғыны, Жақсыбай ауылдық мәдениет үйінің басшысы Назымгүл Бақтыгереева «Ауылға КСК салына ма?» деген сауалын жолдады. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Еркін Дуйтов «Борсы-Жақсыбай»автомобиль жолы дұрыс күтіп-ұсталмайды деп наразылығын айтты. Жаңбырдан кейін жол тегістелсе екен дейді. Сонымен қатар былтыр салынған тротуар толығымен аяқталмай, айналасы реттелмей, шашылып жатыр екен. Ауыл ақсақалы қос әкімнің атқарған жұмысына қағанаттанарлық деген баға берді.

Сол сияқты ауыл тұрғыны Самат Әбдірахманов:

- Былтыр ауылішілік жолдарға асфальт төсеу бойынша ауыл тұрғындары қаржы жинап, жобасын жасақтатқан едік. Жұмыс тоқтап қалды. Асфальт қашан төселеді? - деді.

e93ef7c2-d9f4-4190-ae9c-29bce3a76e3d

Жақсыбайлық Хамидолла Мекетаев ақсақалдар кеңесінің мүшесі болғанымен, кей мәселелерде сөздері өтпейді деп налыды. Мәселен, кезекте тұрған тұрғындарға салынып жатқан үйлер бойынша көп мәселе туындаған. Алайда құрылысты жүргізіп жатқан мердігер ақсақал үніне құлақ аспаған. Жақсыбай ауылдық округінің депутаты Жасқалам Әбдірахмановтың сөзіне сүйенсек, ауылда алты жыл бұрын салынған жазғы спорт алаңының тозығы жеткен. Ауылда жас көп. Сол себепті алаңды жаңартып беруді ұсынды. Жазира Бисекова болса, балабақшаның да тозығы жетіп тұр деді. Оның үстіне балабақшаға баратын баланың саны жыл сайын артып отыр.

Кездесуде одан бөлек күл-қоқыс полигоны, мал моласы, су құбырларын күрделі жөндеуден өткізу сынды мәселелер көтерілді.

Аудан әкімі мен дербес бөлім басшылары қойылған сауалдар мен айтылған ұсыныстарға толық әрі нақты жауап берді.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале