Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы Бөкей ордасы аудандық қосалқы станциясына жаңа жедел жәрдем көлігі берілді.
Аудандық қосалқы станцияның аға фельдшері Жаннұр Қоныспаева: «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының он екі аудандық бөлімшесіне жаңа заманауи көлік берілді. Алғашқы медициналық көмектің барлық мүмкіндігі қарастырылған мұндай арнайы көліктер – жедел жәрдем қызметінің сапасын арттырары анық. Көліктің іші кең, биік. Қысқы аязға да, жаздағы аптап ыстыққа да төтеп бере алады. Конденционермен, электр тогымен қамтамасыз етілген. Зембілдері де ыңғайлы. Рениамациялық шаралардың барлық құрал-жабдығымен қамтылған. Енді жолда келе жатып та қажет болса, науқасқа система қойып, мұрын, ауыз қуысындағы сілекей, сұйықтықты сорып, тазарта аламыз. Жүрек қағысын қадағалап, тиісті шара қабылдай аламыз. Қан қысымын өлшейтін қарапайым манжеттен бастап, пульсикометр, дифибриллятор, екі, он литрлік баллондарымен оттегі концентраторы бар. Облыс орталығындағы басқосуда аға медбике Майра Құрмашева осы аппараттармен қалай жұмыс жасау керек екендігін түсіндіріп берсе, "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК бас механигі Ерден Хангереев шинамызды ауыстырып, көліктіалыс жолға сайлап, дайындығын бір пысықтап берді. Аудандық бөлімшелердің осындай заманауи реанимобильмен қамтамасыз етілуіне жағдай жасаған облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының басшысы Мадияр Өтешевке алғыс айтамыз, - дейді.
Аға фельдшер Жаннұр Қоныспаева өз әріптестерінің басын қосып, су жаңа көліктің мүмкіндіктерімен таныстырды.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz