19.03.2020, 23:38
Оқылды: 216

Қаратөбеде жеке кәсіпкерлер медициналық бетперде тігуді қолға алды

Бүгінгі таңда елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты дәріханаларда бетперде (маска) тапшылығы болып жатқаны белгілі.

6D1A3B57-CF95-4158-B566-858B2D195EEB

Осы орайда аудан әкімі Жанат Асантаев 16 наурыз күні жеке кәсіпкерлер - тігін ателье иелерімен кездесіп, Қаратөбе аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының келісімімен бетперде тігуді ұсынған болатын.

DB49EF56-1408-455E-927F-C7CAC1B57EDF

        Қазіргі таңда «Диана», «Гүлсезім», «А.А.» тігін ательелері масканы көп мөлшерде тігіп, аудан тұрғындарына сатуды бастап кетті.

      «А.А.» тігін ательесінің негізін қалаушы Ақбөбек Асылбекқызы өз жұмысшыларымен бірігіп, Еріктілер жылына орай тегін түрде халыққа медициналық бетперде тігіп берді.

FC2AB757-0E0B-4924-91E9-634B55DF3DDF

Қаратөбе аудандық жастармен  жұмыс жөніндегі ресурстық орталық мамандары және аудан еріктілері аудан тұрғындарына тегін таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале