20.02.2025, 16:00
Оқылды: 280

Желмен жарысқан желаяқ

Әлемдік додаларда ел абыройын асқақтатып, Казталов ауданының атын шығарып жүрген азаматтар аз емес. Солардың бірі – бала кезінен жүгіруден алдына жан салмайтын желаяқ, Руслан Әбішев. Ол мектеп қабырғасында жүріп-ақ жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол сынды спорт түрлеріне қызығушылықпен қатысты. Дегенмен оны дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері байқамады.

WhatsApp Image 2025-02-20 at 17.10.04

Жоғары оқу орнын қаржыгер мамандығы бойынша бітірген Руслан жүгірумен 2022 жылдан бері кәсіби түрде айналысып келеді. Спортты өмірлік серігіне айналдырған ол дүбірлі додаларда, халықаралық жарыстарда, әлем көз тіккен желаяқтар бәсекесінде жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің көк Туын желбіретіп, Әнұранымызды шырқатып келеді. Әсіресе әртүрлі қашықтықта жүгіруде үлкен жетістікке қол жеткізіп жүр. Әрбір нәтиже өзінің өжеттілігі мен табандылығының, маңдай тер мен үлкен еңбектің арқасында келетіні анық. Ел намысын арқалап жүрген азаматтың жаттықтырушысы – Архат Исенғалиев.

WhatsApp Image 2025-02-20 at 17.07.41

Желдей жүйрік желаяғымыз желтоқсан айында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Әбу Даби қаласында өткен халықаралық желаяқтар марафонына қатысып, топ жарып, үздік бестік қатарынан көрінді. Аталмыш жарыста жерлесіміз 10 шақырым қашықтықта бақ сынады. Бұл жарысқа әлем елдерінен келген 33 мың спортшы қатысты.

WhatsApp Image 2025-02-20 at 17.07.00

– Әлем көз тіккен додаға еліміздің атынан бірқатар спортшымыз қатысып, бағын сынады. Жерлестеріміз өз деңгейінде өнер керсетіп, жақты нәтижемен оралды деп ойлаймын. Ылғи мықтылар жиналған жарыста ел намысы үшін барынша тырыстым. Әбу Даби қаласындағы 10 шақырым жолда көк Туымызды желбіретіп жүгіріп шықтым. Бұл жарыстан керемет эмоция, әсер алып, көптеген дос таптым. Сонымен қатар 8-9 ақпан күндері Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Сол чемпионатқа бес қашықтықта (200, 400, 800, 1500 метр) және эстафета бойынша бағымды сынадым.

WhatsApp Image 2025-02-20 at 17.09.02

Алты дистанция бойынша бір алтын, төрт күміс және бір қола медаль иелендім. Қазіргі уақытта Run.kz командасымен бірге жаттығып, үлкен жарыстарға қатысып жүрмін. Қолдау білдіріп жүрген командама алғысымды айтамын. Алға қойған жоспарым көп. Ел намысы үшін барымды саламын, – деді Руслан. Ел мерейін асырған Руслан Әбішевті жеңісімен құттықтаймыз!

Мейірім Парасат,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале