Әр бейсенбіде өтетін спорт шарасы жеңіл атлетикаға жалғасты. Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов бастап, бөлім басшылары қостап, кешкі уақытты тиімді өткізу мақсатында «Түлектер саябағында» жүздесті.
Олар жақын арада өзге күйге енетін саябақта үш рет айналым жасады. Мемлекеттік қызметкерлер балаларымен келіп тағылымды тәрбие мен спортты қатар қойды. Таза ауадағы жүгіру оларға серпіліс берді. Сонымен қатар еркін бағытта ұйымдастырылған шара арадағы байланысты нығайтты. Бір ерекшелігі бұл кездесуде жеңімпаз болмады. Олар жеңісті достыққа беріп, қол алысып тарқасты.
Ақтілек Әлібекұлы,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz