18.05.2022, 12:15
Оқылды: 43

Жеңіл атлетикадан ІІІ орын иеленді

13-14 мамыр аралығында облыс орталығында жеңіл атлетикадан Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа Орал қаласы және Бәйтерек, Теректі, Шыңғырлау, Казталов аудандарының командалары қатысты. Желаяқтардың тартысты бәсекесінде Казталов ауданының жас спортшысы Асар Жақсылық 6 шақырымда жүгіріп өтіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

16

- Жарысқа қатысудың өзі оңайға соқпады. Дайындық жұмыстарын күнделікті жүргіздік. Алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістікке жету үшін жұмыстанатын боламыз. Осы орайда, спортшыларымыздың жарысқа қатысуына қолдау көрсеткен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Айбын» спорт клубының ұжымына және спорт жанашыры Армат Төребековке алғысымды білдіремін. Ауданымызда олимпиадалық спорт түрі жақсы деңгейде дамып, керемет нәтижелер болады деген сенімдеміз, - дейді спортшының жаттықтырушысы Баубек Ілиясов.

17

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале