8.02.2022, 16:20
Оқылды: 59

Жеңімпаз атанды

Жуырда Орал қаласында дзюдо күресінен 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткен болатын. Сол дүбірлі додада Ернар Ғұбайдуллин баптайтын жаңақалалық Айару Нұрланқызы 40 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

7

Қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан палуан қыздан жерлестері де үлкен үміт күтеді. Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Есендияровтың қолы қойылған дипломға, медальға ие болған А.Нұрланқызы енді облыс намысын республикада қорғайтын болады.

8

- Облыстың басты бәсекесі саналатын тартысқа толы жарыстан шәкіртім чемпион болды. Төккен тердің, тынымсыз еңбектің ақталғаны деп білемін. Бұл жарыста Айару өзіне жүктелген міндетті толықтай орындады. Жаңақалалықтардың сенімін ақтады. Алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жету үшін аянбай жұмыстана беретін боламыз, - дейді бапкері Ернар Аманжолұлы.

Ж. Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале